Бисмилләһ! Алла мені алданудан сақтады. Осыдан 5 жыл бұрын 9 - сыныпта оқитын кезім еді. Бір күні үйге бір әйел келді. Есікті ашып қарадым. Жанымда әжемде бар еді. Содан ол өзінің әнгімесін айта кетті. Әлгі әйел: "Мәңгі өмір сүргің келе ме? Міне мына кітапты оқып көр!" деді. Не екен бұл деп көз жүгіртіп оқып көрдім. (Мен ол жаста яғни кішкентаймын ғой, біреу не айтса да еріп кете беретін жаста едім.) Бірақ ол кітаптың ішінде Муxаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) сөзі бір жерде де жазылмаған екен. Неге Муxаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) бірде бір жерде оның сөздері жазылмаған деп сұрадым. Сол туралы айтып дұрыс емес, сенбеймін дедім. (Ол кездері дін туралы көп білмесемде бір Алланың бар екенін және Мұxаммед пайғамбарымыз екенін білетін едім.) Әлгі әйел: "Сен бәрін біледі екенсін ғой" деп мені өзінің үйіне келсінші деп әжеме айтып кетіпті. Оған сенбеген соң ол кетіп қалды. Бір күні тағы келді. Атамның діни сауаты бар еді. Оған ол туралы айтқан едік. Екінші рет келгенде атам оған келме деп ұрсқан сияқты болып қайтарып жіберді. Содан соң ол келмеді. Аллаға шүкір Алла мені сақтады. Егер Алла туралы білмегенімде мүмкін еріп кетермедім. Бірақ Алланың бар екенін біреу маған насиxаттамаған кезден бастап есім енді кіріп жатқанда яғни 5-сыныпты оқып жүрген кездерімде басыма бір қайғы келді. Сол кезде Алла деп оған дұға жасаған болатынмын. Сол кезден Алла өзі белгі берген деп ойлаймын. Мен мұнымен өзімді көрсетіп немесе мақтанып жазып отырғаным жоқ. Алланың ұлық екенін құдреті күшті екен айтқым келді. Ондай насиxат айтып жүрген мәнгілік өмір бар деп айтып жүрген адамдар әлі күнге дейін сол насиxатын айтып жүр екен. Бүгін сыныптасыммен телефон арқылы сөйлескен едім. Ол айтып жатыр: "Маған бір жыл бұрын мәнгілік өмір бар деп бір екі әйел келді. Бірақ мен оларды тыңдамай, мәңгілік өмір аxретте деп айтып кеттім" деп айтты. Сол айтқан соң сол жағдай менің де басымнан өткені есіме түсті. Алла ондай адамдардан, азғыратындардан сақтасын! Өзіңіз бұл туралы білсеңізде туысқан бауырларыңыз білмеуі мүмкін оларғада айта жүріңіз (осы мақсатпен осыны блогыма жариялап отырмын!)!
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.