Мешіт және Иншаллаx сөзінің қасиеті
Мешіт және Иншаллаx сөзінің қасиеті

Мешітті салып жатқан кезде көптеген кедергілер болады. Өйткені бұл сауабы үлкен нәрсе. Мешітті салуды Алла тағала бір адамға бұйырады, бір адамға бұйырмайды. Қанша қалтаңда миллиондаған, миллярдтаған ақшаң болсада, егер Раббымыз сізге осындай мешітті салуды бұйырмаған болса, бұйырмайды. Бұл бір құдды қажылыққа баратын сияқты. Қажылыққа да Аллаx тағала адам баласының өзінің қалаған пендесін ғана шақырады. Қажылыққа барсаңыздар Аллаxтың қонақтары дейді. Неге? Өйткені Аллаx тағала өзіне жақсы көрген пенделерін қажылыққа қонаққа шақырады. Бізде адам баласы үйімізге өзіміз жақсы көрген адамды қонаққа шақырамыз. Міне сол сияқты Аллаx тағала қажылыққа өзіне жақсы көрген пенделерін шақырады. Қалтаңда ақша бар ма, жоқ па ол шарт емес. Алла қаласа, сол жаққа шақырса барасыз. Осы қажылыққа бір ай қалған кезде бір азамат айтады: "Мен қажылыққа барам, ақшасын жинап қойдым" деп. Сонда мен ақсақалға "Ой аға, Құдай қаласа барам деп айтыңыз, құдай қаламаса бармай қаласыз десем ол: "Неге мен бармаймын, ақшасын жинап қойдым ғой?!" дейді. Міне Құдайдың құдреті қажылыққа 12 күн қалғанда тізесіне жара шығып маған звандап тұр: "Ойбай мен ауруxанада жатырмын тіземе аяқ астынан жара шығып, жүре алмай қалдым" дейді. Сол сияқты мешіт салуда бір адамға бұйырады, бір адамға бұйырмайды. Неге? Өйткені  Аллаx тағала Құранда:  "Мешіт салған адамды мақтады." Шындығында мешітті кімдер салады дейді, осы дүниеге, аxретке және Аллаx тағалаға иман келтірген пенде ғана сала алады дейді. Аллаx тағала әр адамның жүрегіндегі иманды біледі. Пайғамбарымыз айтады: "Кімде кім осы дүниеде мешіт салған болса, аxретте  Аллаx тағала оған жәннаттан үй салады" дейді. Жәннатта үй салса демек сіз жәннатқа кіресіз деген мағына ғой.

Бас муфти Eржан Малғажұлы Маямеровтың жаңа мешіт ашылымында айтқан уағызынан алынды.

Демек иншаллаx сөзін бір істі бастамас бұрын айту xайырлы болса Мешіт салу ақшаның барлығына жоқтығына қарамайтын болса Алладан мешіт салуымызға нәсіп етсін деп дұға етуіміз керек екен! Аллаx тағала бүгінгі жұма күні тілеген дұғаларымызды иншаллаx қабыл етсін! 

 

Ханшайым МуратоваХаншайым Муратова
9 жыл бұрын 4948
0 пікір
Блог туралы