Алланың құдреті деп білем...
Алланың құдреті деп білем...

Бисмилләһ! Мен өз блогыма басымнан өткен жайларды жазғанды жөн көрем. Осы айда (10.2015) үйде бір себептермен тоқ (свет) болмады. Ал телефонымның қуаты аз. Кеште кеш ұйықтаймын сағат кейде он екіден кейін кейде он екіде. Себебі интернеттен Астанадағы Әзреті сұлтан мешітінің уағыздарын тыңдаймын. Білесіздер Айфонның қуаты көпке шыдамайды. Енді кеш жаттым ғой, будильник оятпаса тұра алмайтын шығармын деп ойлап, ұйықтап қалдым. Телефонымның қуаты 19% қалған еді. Ал інімнің телефонының қуаты (онікіде айфон) 50% қалған екен. Таң ертен Алланың құдретінің арқасында тұрдым, будильник шыңғырлады. Таң қалатыным 19% қуат 1 сағат түгіл 10 минутқада шыдамай бітіп қалады ғой. Ал менің сол 19% телефонымдағы қуат 6 сағат бітпей (19% түнгі он екіден таңғы 6 ға дейін 5% болып азайған) мені таңғы намазға оятты. (Машаллаx!) Ал інімнің телефонының 50% қуаты 15% ке азайған. 

Тағы бір жайтқа куә болдым. Бір күні будильникке қоймай ұйықтап қалыппын. Ұйықтап жатсамда таңғы намазға тұру ойымда тұратын. Сол күні  Алланың құдретінің арқасында  дәл намаз уақтында ояндым.  (Машаллаx!)

Алланың осындай құдретіне таң қаламын және таң қалғым келеді де тұрады. 

Ханшайым МуратоваХаншайым Муратова
9 жыл бұрын 5811
8 пікір
  • мұндай жағдай менің басымда талай рет болған еді кеш жатсам да таң намазы уақытында оянып кетемін
    9 жыл бұрын
  • амал ниетке байланысты
    9 жыл бұрын
  • Ма ша Аллах! Жатар уақытта намазға тұрсам деген ниетіңіз күшті болған болды ғой!
    9 жыл бұрын
    • Будильникке қоймай жатқанымды біліп (қазір будильникке қоям деп жатып ақыры қоймай таң атқан еді) Намазға тұрам деген оймен жартылай уйқыда жартылай ояу жаттым.
      Намазға асығамда жүрем соны оқымағанымша тыныштық таппай.
      9 жыл бұрын
  • Жатарда Кәусар сүресін үш рет қайталап айтып жатсаңыз намазға ұйықтап қалмайсыз. Азан.кз сайтынан оқып едім. Тәжірибе жасап көрдім, расыменде намаз уақыты кіргенде сергек боп оянасыз. Алланың Құдіреті шексіз ғой.
    9 жыл бұрын
    • Сүрені айтып жатсам будильниктен бұрын, тура намаз уақыты кіргенде оянам.
      9 жыл бұрын
  • Сол уақытта бір таң қаларлығым Телефонымның мықтылығынан деп ойламадым бірден Алланың құдреті деп ойладым.
    9 жыл бұрын
Блог туралы